Accessibility links

Барак Обама Солтүстік Каролинада, Хиллари Клинтон Индианада жеңіске жетті


Демократиялық партияның президенттіктен үміткері сенатор Барак Обама Солтүстік Каролинадағы дауыс берулерде жеңіске жетті. Бұл жеңісімен Обама Американың үлкен саяси партиясынан президенттікке ұсынылған алғашқы қара нәсілді кандидат болу мүмкіндігіне бір қадам жақындады. Дауыс берулер нәтижесі Обаманың 42 пайыз дауыс алған сенатор Хиллари Клинтонды 56 пайызбен басып озғанын көрсетіп отыр. Ал, Индианадағы дауыс берулерде Клинтон Обамадан 2 пайыз дауыспен басым түсіп отыр. Демократиялық партиядан жеңіске жеткен кандидат қараша айындағы президенттік сайлауда Республикандық партияның кандидаты Джон МакКейнмен бәсекеге түседі.
XS
SM
MD
LG