Accessibility links

Абхазия жетекшісі Косовоны тәуелсіздік жолындағы жақсы үлгі деп атады


Грузияның жікшіл аймағы - Абхазияның басшысы өз елі Косово мысалынан үлгі алып, Грузиядан тәуелсіздік декларациясын жариялауы керек деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Сергей Багапш Испанияның "Ел пайс" басылымына берген сұхбатында айтып, егер Косово тәуелсіз болса, Абхазия да тәуелсіз бола алады деп атап көрсеткен. Ол біз заңды демократиялық және тәуелсіз ел болуды қалаймыз деген. Өткен аптада Абхазия мәртебесіне қатысты Грузия - Ресей қарым-қатынастары ушыға түскен болатын, тараптардың екеуі де аймақ шекарасына өз әскерлерін көптеп шоғырландыра бастаған-ды.
XS
SM
MD
LG