Accessibility links

Мьянмардағы тропикалық дауылдан зардап шеккендер саны әлі өсе түсуі мүмкін


БҰҰ-ның өкілі Мьянмардағы Наргис циклонынан қаза тапқандардың саны көбейе беруі ықтимал дей келе, мұнда баспанасыз қалғандардың өзі бір миллионға жетті деп бағалаған. Сонымен қатар БҰҰ Мьянмар территориясының 5 мың шаршы шақырым жері су астында қалып отыр деп мәлімдеген. Мьянмардағы АҚШ елшілігінің сенімді өкілі Шари Виллароза тропикалық дауыл құрбандарының саны 100 мыңнан асып кетті деген ақпарат бар екендігін айтқан. Ал әзірге Мьянмар қаза болғандар саны 23 мың деген деректі растап отыр.
XS
SM
MD
LG