ИЕРУСАЛИМ: Израиль кеше Иерусалимдегі Герцль төбесіне туын тігумен мемлекет болып құрылуының 60 жылдығын тойлай бастады. Израильдің құрылғаны 1948-інші жылдың 14-інші мамырында, яғни Англияның Палестинаны басқару мандатының аяқталуына 1 тәулік қалғанда жарияланды. Палестина партизандарының шабуылдарына қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Әсіресе өзі басып алған Иордан өзенінің Батыс жағалауы бір апта бұрын қатаң күзетке алынды. Израиль өзінің 60-жылдығын тойлап жатса, Палестинадағы “Накба” деп аталатын “Араб қасыретіне” 60 жыл толады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV