Accessibility links

Ресей грузин-абхаз жанжалы аумағындағы бітім күштерін 3 мыңға жеткізуі мүмкін


МӘСКЕУ: Ресейдің қорғаныс министрлігі грузин-абхаз жанжалы аумағындағы ахуал ушыққан жағдайда, өзінің осы аумақтағы бітім күштерін 3 мың жауынгерге дейін ұлғайтуы мүмкін екенін ескертті. Мұндай шара, деп есептейді ресми Мәскеу, осы аумақ бойынша 1994-інші жылғы халықаралық келісімге қайшы келмейді. Сәуірдің соңында Ресей грузин-абхаз жанжалы аумағына қосымша 450 десант әскерін орналастарып, бітім күштерінің қатары 2.5 мыңнан асқан болатын. Бұл әрекетін Кремль Грузияның Абхазияға қарсы соғысқа әзірленіп жатыр деп түсіндіреді. Өз кезегінде Грузия Ресейдің әрекетін “басқыншылық актісі” деп сипаттады. Ресей мен Грузия арасындағы қатынастың күрт ушығуына БҰҰ мен АҚШ және Еуропа Одағы алаңдап отыр.
XS
SM
MD
LG