Accessibility links

Мьянманың әскери хунтасы халықаралық көмектің келуіне әлі рұқсат бермей отыр


ЯНГОН: Мьянмадағы табиғи апаттан жапа шеккен халық мұқтаж болып отырған азық-түлік пен т.б. қайырымдылық көмегі тиілген Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының алғашқы ұшағы ел астанасы – Янгонға жетіп қонды. Ресми дерекке сәйкес, Мьянмадағы табиғи апат құрбандарының саны 23 мыңға жетті, тағы 42 мыңдай адам хабарсыз жоғалды деп есептеліп отыр. Халықаралық ұйымдар құрбандардың саны күрт артуы мүмкін деп алаңдайды. 1 млн.-дай халық баспанадан айрылды. Елдің 5 мың шаршы шақырым жерін су басып қалды. Осыған дейін халықаралық қауымдастық әскери хунта билеп отырған Мьнманың елге қайырымдылық көмек пен құтқарушылардың келуіне рұқсат бермеуіне алаңдап келді.
XS
SM
MD
LG