Ауғанның ішкі істер министрі батыс аймақтағы Хор провинциясында полиция мен бүлікшілердің арасындағы шайқаста 6 тәліп өлген, оның біреуі провинцияның тәліп губернаторы деп айтқан. Ал Кабулдың сыртында шетелдік жасақтарды алып бара жатқан керуенге жасалған жакнештілік бомба шабуылында үш адам жараланған. Кеше Испанияда сөйлеген сөзінде НАТО ұйымының бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер Ауғанстанда тұрақтылық орнату үшін батыстық альянс жауынгерлері ауған жасақтарын үйретіп-жаттықтыруды кеңейтуі керек деп атап өтті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі