Кеше Ресей парламенті В.Путинді үкімет төрағалығына бекітті. Парламенттің төменгі палатасы - Мемлекеттік думаның 392 депутаты жақтап, 56-ы қарсы дауыс берген. Сонымен өткен сегіз жыл Ресейдің президенті болған В.Путин мемлекет басшылығынан кеткеннен кейін, бір күннен соң үкімет басына қайтып оралды. Путиннің мұрагері Д.Медведев президенттік ант қабылдаған соң, бірден Путиннің кандидатурасын үкімет төрағалығына ұсынған болатын.