Accessibility links

Ирақ ресмилері Мосулда Әл-Қаида жетекшісі ұсталды деп мәлімдеді


Ирақтағы Әл-Қаида басшысы Абу Айюб әл-Масридің Мосул қаласында рейд кезінде тұтқындалғаны турасында Қорғаныс министрінің өкілі хабарлаған. АҚШ ресмилері бұл хабарды анықтап жатқандықтарын айтқан. 2006 жылы АҚШ әуе күштерінің шабуылында Абу Мұсаб әл-Зарқауи қаза тапқаннан кейін, Ирақтағы Әл-Қаида жетекшілігін Абу Айюб әл-Масри өз қолына алған болатын.
XS
SM
MD
LG