Ауғанстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бейсенбі күні елдің батысындағы Гор өлкесінде полиция мен бүлікшілер арасында қақтығыс болған. Оның салдарынан 6 талибандық жауынгердің көзі жойылған. Сонымен қатар, Кабул маңайында шетел күштерінің көлігіне жанкештілік шабуыл жасалып, 3 қарапайым азамат жарақат алды деп хабарланып отыр. НАТО бас-хатшысы Яап де Хооп Схеффердің мәлімдеуінше, Ауғанстанда тұрақтылықты орнату мақсатында бұл елдің ұлттық армиясы жақсылап жаттықтырылуы керек.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV