Accessibility links

Ливанда қақтығыстар одан әрі жалғасуда


Иран мен Сирия қолдайтын Хезболла тобының жауынгерлері мен Ливан премьер-министрі Фуад Синиораның үкіметін қолдаушылар арасындағы қақтығыстар бүгін одан әрі жалғасты. Үшінші күн болып жатқан ол шайқастарда кемінде 10 адам қаза тауып, 20 адам жараланды. Үкімет Хезболланың телебайланыс желісін жаппақшы болған, сөйтіп сәрсенбі күні қақтығыс басталып кеткен. Хабарларға қарағанда, бүгін Хезболлаһ тобы Бейруттағы ең үлкен аймақтарды өз бақылауына алып, үкіметшіл теле станцияны жапқан. Толқуларға байланысты Бейруттың халықаралық әуежайы өз жұмысын тоқтатты деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG