Бүгін Судан елі Чад мемлекетімен дипломатиялық байланыстарды үзетінін мәлімдеді. Оған Хартум маңында Дарфур провинциясының көтерілісшілері мен үкіметтік күштердің қақтығысып қалуы себеп болды. Бұл туралы президент Омар Хассан әл Башир теледидар арқылы айтты. Судан Чад елін көтерілісшілерге қолдау танытып отыр деп айыптады, чад билігі ол айыптауларды қабылдамай отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV