ТЕҺРАН: Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Иран мен халықаралық МАГАТЭ агенттігінің ресми өкілдері арасындағы келіссөз бүгін қайта жалғасады. Баспасөз агентіктері Иранның МАГАТЭ-дегі өкілі Әли Асгар Солатниенің Теһрандағы бұл келіссөздің 3 күнге созылатыны туралы сөзін келтіреді. Иран мен халықаралық агенттік арасындағы сәуір айында болып өткен келіссөзінің 2 сатысы “Иранның ядролық бомбаны сынақтан өткізді” деген хабарды тексеруге ден қойды. Ресми Теһран өзінің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін мәлімдеп, ядролық қарудың сынағын өткізгенін теріске шығарды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?