МӘСКЕУ: Ұлыбританияның премьер-министрі Гордон Браун мен Ресей президенті Дмитрий Медведев дамыған 8 елдің немесе “Үлкен сегіздіктің” шілде айында Жапонияда өтетін саммитінің сыртында екі жақты келіссөз өткізуге уағдаласты. Кремльдің баспасөз-қызметі хабарлағандай, кеше өзара телефонмен сөйлескен Д.Медведев пен Г.Браун, сонымен қатар, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы деңгейін және Ресей мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынасты кеңейтудің жолдарын талқылады. Соңғы жылдары саяси кикілжіңдердің салдарынан Мәскеу мен Лондонның қарым-қатынасы айтарлықтай туып кетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?