Accessibility links

Сербиядағы парламент сайлауында оппозиция да, билік те жеңіске жеткенін мәлімдейді


БЕЛГРАД: Сербия президенті Б.Тадич кешегі кезектен тыс парламент сайлауында “Еуропалық Сербия үшін” коалициясының жеңіске жеткенін мәлімдеді. Алайда “Радикалды партияны” бастаған әсіре ұлтшыл Томислав Николич Б.Тадичті жаңа үкіметті жасақтауға асықпай, өз партиясының одақтастарымен бірге көпшілікті құрайтын коалиция құра алатынын ескертті. Тәуелсіз бақылаушылардың хабарлауынша, президенттің коалициясы шамамен 39 пайыз дауыс, бітіспес ұлтшылдар одан 10 пайыздай кем дауыс алды. Бірақ бейресми ақпар бойынша, ұлтшыл партиялардың коалициясы 50 пайыздай дауыс жинауы мүмкін. Еуропа Одағы Сербиядағы сайлауды “еуропашыл күштердің “жеңісімен” аяқталды деп бағалады.
XS
SM
MD
LG