Осыдан 3 жыл бұрын болған Әндіжан оқиғасына қатысы бар немесе ол жөнінде ақпаратқа ие, деп есептеген азаматтарды ресми Ташкент одан әрі қудалауда. Мұның өзі әндіжандық босқындар санын көбейте түсуде. Бұл жөнінде Нью-Йоркте орналасқан Хюман Райтс Воч ұйымы баяндамасында жазылып отыр. Қудалауын тоқтатқызу үшін ресми Ташкентке қысым жасауға АҚШ пен Еуро одақты ұйым шақыруда.