ТБИЛИСИ: Грузия президенті Михаил Саакашвили Еуроодақ елдерін грузин-абхаз жанжалын үйлестіру үшін көмекке шақырды. Кеше бірнеше Еуропа елінің Тбилисиге келген сыртқы істер министрлерімен кездесуінен кейін Саакашвили осылай деп мәлімдеді. Грузин-абхаз жанжалы аумағындағы ахуал, ресми Сухумидің мәлімдеуінше, Абхазияның әуе кеңістігінде Грузияның адамсыз адамсыз ұшатын бірнеше барлау ұшағын атып түсірген соң ушығып кетті. Өткен сәуір айының соңында Ресей Абхазиямен және Оңтүстік Осетиямен арадағы байланысын нығайтатынын мәлімдеп, грузин-абхаз жанжалы аумағына қосымша бітім күштерін орналастырды. Ресми Тбилиси оны “әскери басқыншылық актісі” деп бағалады.