КАНДАГАР: Ауған шенеунігі хабарлағандай, Кандагар облысындағы түрмеде отырған жүздеген тәліп содыры парламент депутаттары өздерінің шағымдарын қарауға уәде берген соң аштықты тоқтатты. Өздерінің істерін қараған соттың әділетсіз болғанына наразы болған 400-дей тұтқын осыдан 1 аптадай бұрын аштық жариялаған болатын. Ауған парламентінің мүшесі Нурул-Хақ Улуми хабарлағандай, Кабулдан келген парламентарийлер тұтқындардың арыз-шағымдарын қарауға сөз берген соң, аштық шарасы доғарылды. Тұтқындармен Улумимен бірге тағы 6 депутат кездесті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV