Түркменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхаммедов алдағы аптада ресми сапармен Әзірбайжанға барады. Түркменстан үкіметінің хабарлауынша, мамырдың 19-ы мен 20-ы аралығында болатын сапар барысында Бердымұхаммедов Әзірбайжан президенті Илхам Әлиевпен кездесіп, екі елдің қарым-қатынастарын талқыламақшы. Күн тәртібінде Каспий теңізі арқылы мұнайды эспорттау мәселесі тұр деп хабарланып отыр. 1996-шы жылдан кейін Түркменстан басшысы Әзірбайжанға ресми сапармен бармаған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?