ЯНГОН: Таяуда Мьянманы апатқа ұшыратқан тропикалық циклонның құрбандары, соңғы мәліметке сәйкес, 34 мың адамнан асты. Ресми биліктің хабарлауынша, 290 мыңдай халық хабар-ошарсыз жоғалды. Мьянмаға халықаралық қайырымдылық көмегі жеткізіліп жатыр. Бірақ қайырымдылық ұйымдары Мьянманың әскери хунтасын елге келуге рұқсат беруге асықпайды деп айыптап отыр. Тропикалық дауыл Мьянмаға 2-нші мамыр күні соғып, шамамен 1.5 млн. халық баспанасыз қалды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?