АШХАБАД: Кеше Түркіменстан үкіметі хабарлағандай, президент Гурбангулы Бердімұхаммедов 19-20-сыншы мамыр күндері Әзірбайжанда ресми сапарда болады. Бұл – түркімен президентінің Бакуге 1996-ншы жылдан кейінгі алғашқы сапары болайын деп отыр. Сапарының барысында Г.Бердімұхаммедов әзірбайжан президенті И.Әлиевпен жүздесіп, екі елдің саяси-экономикалық қарым-қатынасы, әсіресе Каспий теңізі арқылы қуат көздерін экспорттау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV