Accessibility links

Беларуссияның “батькасы” Еуропа Одағына қоқан-лоқылық “ескерту жасады”


МИНСК: Кеше Беларусь президенті Александр Лукашенко қыркүйекте өтетін парламент сайлауында бірқатар мандатқа оппозиция өкілдері де ие болып, Беларусьтегі адам құқының бұзылуын сынаған Батыстың пікірін теріске шығарады деп үміттенетінін мәлімдеді. А.Лукашенко АҚШ-тың Беларуське қарсы қабылдаған экономикалық санкциясына Еуроодақтың қосылмауға тиіс екенін ескертіп, Еуропаға тасымалданатын Ресей газы мен мұнайының Беларусь арқылы өтетінін ресми Брюссельдің есіне салды. Ресми Вашингтон мен Брюссель А.Лукашенконы 2006-ншы жылғы президент сайлауын өз пайдасына қарай бұрмалады деп айыптап келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG