Accessibility links

Қытайдағы жер сілкінісі құрбандарының саны 12 мыңнан да асуы мүмкін


БЕЖИН: Қытайдың оңтүстік-батысындағы қуатты жер сілкінісінен қираған баспана-үйлердің астында 20 мыңнан астам адамның қалуы мүмкін. Қытай үкіметі осылай деп хабарлады. Зілзаладан 12 мыңнан астам халық қырылды, бірақ олардың саны әлі де өсетін түрі байқалады. Құтқарушылар мен дәрігерлерге апат болған ауданға жұмылдырылған 50 мыңдай армия жауынгері көмектесіп жатыр. 12-нші мамыр күнгі жер сілкінісінің қуаты Рихтер өлшемі бойынша 7.9 балға жетті. Бұл – Қытайдағы соғы 30 жылдағы ең қуатты зілзала болып отыр. Бірнеше қала түгелдей қирады.
XS
SM
MD
LG