ВАШИНГТОН: Демократиялық партиядан АҚШ-тың вице-президентіне үміткер болып дауысқа түскен Джон Эдвардс осы партиядан президент сайлауына үміткер болып түсу үшін Х.Клинтонмен таласып жүрген сенатор Б.Обаманы қолдады. Өткен сәрсенбі күні Хиллари ханым Батыс Верджиния штатындағы бастапқы сайлауда Б.Обамадан басым дауыс алды. Алайда, праймериздің жалпы қорытындысы бойынша, Демократиялық партияның тамыз айында өтетін сиезінде өзін қолдайтын делегаттарының саны жағынан Б.Обама әлі де алда келеді.