АЛМАТЫ: 18-інші мамыр күні Алматыда “СПИД-ті тоқтат! Өзің сақ бол! Ынтымақтастық көрсет!” деген үндеуімен “ғасыр дертінен” көз жұмғандарды еске алу шарасы өтеді. Оған қатысушылар емі әлі табылмаған індеттен көз жұмғандарды еску алу үшін “Абай” алаңына жиналады. Бұл шара – Алматы әкімдігінің, Республикалық және қалалық СПИД орталықтарының, СПИД-ке, туберкулезге және безгек ауруына қарсы ғаламдық қордың, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйым мен бағдарламаның демеуімен ұйымдастырылып отыр.