БАКУ: Ресей Иранда өзі тұрғызып жатқан Бушер атом-электр стансасына қажетті жүктерді Әзірбайжан жері арқылы тасымалдау туралы ресми Бакумен келісімге келді. Ол туралы кеше Әзірбайжанның сыртқы істер министрі Эльмар Мамадьяровпен өткізген келіссөзінен кейін Ресейдің сыртқы істер вице-министрі Григорий Карасин хабарлады. Жуырда атом-электр стансасына қажетті ресейлік жабдықтар Әзірбайжанда 1 айдан ұзаққа кідіріп қалды. Ресми Баку ол әрекетін Иранға қарсы қабылданған халықаралық санкцияның бұзылмағанын тексеру қажеттігімен түсіндірді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?