Accessibility links

Қытайдағы зілзала құрбандарының саны 15 мыңға жетіп, одан да өсе түсуі мүмкін


БЕЖИН: Қытайдың Сычуань өлкесіндегі жер сілкінісі құрбандарының саны тоқтаусыз өсіп келеді. Соңғы мәлімет бойынша, қаза тапқандардың саны 15 мыңға жетті. Тағы талай мың адам қираған баспана-ғимараттардың астында қалды. Сычуань өлкесінің бірнеше қаласы түгел қирады. Апат болған аудандардағы құтқарушылар мен дәрігерлерге 100 мыңға жуық жауынгер мен полицей көмектесуде. Бұл – Қытайдағы соңғы 30 жыл ішіндегі ең қуатты зілзала болып отыр. АҚШ пен Ресей, Еуропа Одағы мен тағы басқа елдер Қытайға өз көмектерін ұсынды.
XS
SM
MD
LG