ИЕРУСАЛИМ: Еврей мемлекетінің 60-жылдығы мерекесіне қатысу үшін Израильге келген АҚШ президенті Дж.Буш кеше президент Шимон Переспен және премьер-министр Э.Ольмертпен келіссөз өткізіп, 2009-ыншы жылдың қаңтарына дейін Израиль мен Палестина өзара бейбіт бітімге келеді деп үміттенетінін тағы да қайталады. Дәл осы күні Израильдің оңтүстігіндегі Ашкелон қаласы зымырандармен атқыланып, 14 кісі жараланды. Палестинаның Газа аймағынан атылған 1 зымыран Сауда орталығына тиіп жарылды. Палестинадағы бітіспес “Ислам джиһады” тобы бұл шабуылды өз мойнына алды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?