Accessibility links

Ауғанстандағы жанкештілік шабуылдан 16 адам опат болды


Бүгін Ауғанстанның оңтүстігіндегі Фараһ өлкесінде жанкештілік жарылыстан кемінде 16 адам қаза тапты. Ауған ресмилерінің айтуынша, Дел Арам ауданындағы бұл жарылыс полиция бекетінің жанында болған. Оның салдарынан, сондай-ақ, шамамен 14 қарапайым азамат жарақат алды. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, шабуылға байланысты жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойнына алған.
XS
SM
MD
LG