Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев «Қазақгейт» ісі бойынша АҚШ-та қаралып жатқан сотта бұрынғы қайын атасына қарсы айғақтар беруді жоспарлап отырғанын хабарлады. Қазір Австрияда тұрып жатқан Әлиев ауыр қылмыстар жасады деген айыппен Қазақстанда екі рет сырттай сотталған болатын.