Accessibility links

80 мыңдай халқы қырылған Мьянмада балаларға аштан өлу қаупі төніп тұр


ЯНГОН: Бүгін Мьянмада 2-нші мамырдағы зор апатқа душар еткен тропикалық циклон құрбандарын 3 күн аза тұту басталды. Ресми мәліметке сәйкес, 78 мың халық қырылды, тағы 50 мыңнан астам адам хабарсыз жоғалды. Халықаралық қауымдастықтың қысымымен Мьянманың әскери хунтасы жапа шеккен аудандарға қайырымдылық көмегін көрсету үшін АСЕАН мемлекеттерінің мамандарын елге жіберуге келісті. Табиғи апаттың салдарынан 2 млн.-нан астам халық баспанасыз қалып, мыңдаған балаға аштан өлу қаупі төніп тұр.
XS
SM
MD
LG