Accessibility links

Қазақстанда тәуелсіз басылым шығарушысы қамауға алынды


АСТАНА: Астана қалалық қаржы полициясы биылғы жылы сот шешімімен жабылған “Закон и правосудие” басылымының орнына шығатын “Антикоррупционный вестник” газетінің бас редакторы Тоқберген Әбиевті тұтқындады. Республикалық қаржы полициясы баспасөз-қызметінің жетекшісі Әбдірәлі Бөлебаевтың жорамалы бойынша, Т.Әбиев “пара бергені үшін” ұсталған, бірақ кімге, қанша және үшін бермек болғаны тергеліп жатқан көрінеді. Бұл қылмыстық істің жай-жапсарын қаржы полициясы бүгін хабарлауға уәде берді. Ал Т.Әбиевтің өзі Қазақстаның сот жүйесіндегі жемқорлықты әшкерелеп келгені үшін Жоғарғы соттың төрағасы Қ.Мамидің нұсқауы бойынша қудалауға түскенін мәлімдейді.
XS
SM
MD
LG