Accessibility links

Қазақстан үкіметі отын экспортына да тыйым салды


АСТАНА: Бүгін Қазақстанның энергетика және табиғи ресурстар министрі С.Мыңбаев үкіметтің мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салған шарасы қыркүйек айына дейін күшінде қалатынын хабарлады. Оның айтуынша, үкімет бұл шараны отын бағасының күрт қымбаттауына жол бермеу үшін қолданып отыр. Жанар-жағармайдың экспортына тыйым салынатынын премьер-министрі К.Мәсімов кешегі үкімет мәжілісінде хабарлаған болатын, бірақ қай кезден бастап тыйым салынатынын нақты айтпады. Қазақстанда мұнай мен газ қорының мол болуына қарамастан, соңғы кезде дизель мен бензиннің бағасы күрт қымбаттап, автокөлік иелеріне, әсіресе ауыл-шаруашылық саласына зор соққы болып тиді.
XS
SM
MD
LG