Accessibility links

Өлім жазасына кесілген ауғандық журналистің үкімі қайта қаралуда


Бүгін Ауған астанасында өлім жазасы берілген ауғандық журналистің үкімі қайта қаралады. Сайед Парвез Камбақшқа қаңтар айында мұсылмандардың көп әйел алу мәселесі туралы интернет сайтқа мақала шығарғаны үшін исламға тіл тигізді деген айып тағылған. Камбақш ол айыптаулардың бәрін жоққа шығарып отыр.

“Мен адам ретінде мұсылман бола тұрып өзімнің пайғамбарды әрі менің дінімді масқаралауға ешқашан жол бермеймін. Мені бұл тұрғыда әділетсіз айыптады. Бұл айыптаулар заңсыз, және мен білмеймін, неге маған осылай жасағандарын”, - дейді журналистің өзі.

Журналистерді қорғау комитетінің Азия бойынша директоры Боб Диец бұл істі Қабулға аудару шешімін оң қабылдады. Ол бүгінгі сот отырысында Камбақш ақталып шығады деген үмітін білдіріп отыр. Бірақ, ол егер Камбақшқа бостандық берілгеннің өзінде оған Ауғаныстанда қалу қауіпті болады деген өз алаңдаушылығын білдірген.
XS
SM
MD
LG