Accessibility links

Қытайдағы зілзаладан қаза тапқандар саны 32477-ке жетті


Қытай Сычуань провинциясында бір апта бұрын болған зілзалдан қаза тапқандар саны ресми есепте 32477 болғанын айтып отыр. Мемлекеттік Циньхуа агенттігі дүйсенбі күні болған бұл табиғат апатынан жарақат алғандар қатары 220109 адам екенін жазуда. Он мыңдаған кісі әлі табылмай жатыр, үйінді астында қалғандарды құтқару жұмыстары әлі жалғасуда. Кеше үш германиялық турист жерсілкінісі болған соң 110 сағаттан кейін тірі шықты. Бүгін АҚШ-тың екі әскери ұшағы зілзала құрбандарына керек-жарақ әкелді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, кеше Қытайға 860 млн доллар шетелдік көмек келген оған қосымша Жапония, Ресей, Сингапур, Оңтүстік Корея және тайван елдерінен құртқарушы топтар келіп жеткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG