Accessibility links

Каспаров Ресейдің баламалы парламентін құрып отыр


Бүгін Ресей оппозциясының жетекшісі Гарри Каспаров Ресейде демократия мен халықтық үкімет қалыптастыруды мақсат еткен баламалы парламент отырысына жетекші болып отыр. Франциялық AFP агентігінің хабарлауынша, Мәскеудегі Каспаровтың бұл ұлттық ассамблея құру жиынына 500-дей оппозиция белсендісі қосылды. Каспаров Ресей билігін феодалдық өкімет құрып отыр деп айыптап, сонымен қатар бұл ассамблея отырысына қатыспаған елдегі негізгі оппозициялық партияны сынады. Ассамблеяның жарғысы ресей азаматтарының саяси құқығы болмай отыр деп билікті сынады.
XS
SM
MD
LG