Бүгін Қытай үкіметі Сычуань провинциясында дүйсенбі күні болған зілзаладан қаза тапқандар саны 29 мыңға жеткенін растап отыр. Ресмилердің айтуынша, тағы 200 мың адам жер сілкінісінен құлаған ғимараттар астында қалып жарақат алған. Кеше Қытай үкіметі құрбан болғандар саны екі еседен асып, 50 мың болуы мүмкін деп айтқан. Енді 4,8 млн адам үй-күйсіз далада қалып отыр. Жұма күні үйінді астынан көптеген адам табылды. Олардың ішінде үш германиялық турист жер сілкінісінен соң 110 сағат өткеннен кейін, зілзала болғанда құлаған үйлердің астынан бүгін тірі шықты.