Accessibility links

Ұрланған пәкістандық елші босатылды


Осыдан үш ай бұрын талибан жауынгерлері басып әкеткен Пәкістанның Ауғаныстандағы елшісі босатылды. Елші Тариқ Азизуддин ақпанның 11-де өзінің жүргізушісімен Қабулға бара жатқан жолда Хайбер тайпалық ауданында жоғалып кеткен. Елші Азизуддиннің бауыры Тохир:

“Бізде ақпарат өкілдерінде айтылғандай ғана ақпарат болды. Ол босап шықты, енді қазір үкімет қорғауында отыр. Ол үйге түстен кейін келеді. Біз Пәкістан үкіметіне көп рахмет айтамыз, өйткені олар оны шығару үшін көп жұмыс істеді”, - деді.

Пәкістандық елшінің жүргізушісі мен оққағары да аман шыққан. Пәкістанның Сыртқы істер министрлігі бұл елшінің қалай шығарылғаны туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермей отыр.
XS
SM
MD
LG