Грузия парламенттік сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру құқы бар 3,5 млн адам дауыс беруге қатысып, өз таңдауларын жасай алады. Сауалнамалар көрсеткендей, президент Михайл Саакшвилидің “Бірыңғай ұлттық қозғалыс” партиясы 150 орындық парламенттен басым орынды жеңуі мүмкін. Ел оппозициясы билік дауыс берулер барысын бұрмаламақшы деп, жаппай шеру өткізетіндіктерін айтқан. Бірақ, заң бұзушылықтар туралы ақпарат түскен жоқ. Ал, бүгін Біріккен оппозиция блогының өкілі Давид Гамкрелидзе, Грузияның парламент сайлауы адам өлімі, күш көрсету мен қоқан-лоқы жағдайында өтіп жатыр деп айтқан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?