Accessibility links

Журналистерді қорғау комитеті Азаттықтың веб сайтына бөгет қойылғанына алаңдаушылық танытуда


Бүгін Нью-Йорктегі Журналистерді қорғау комитеті Қазақстанда Азаттық радиосының вебпарақшалары ашылмай жатқанына алаңдаушылық танытып мәлімдеме таратты. Бұл ұйымның Орта Азия бойынша бағдарлама үйлестірушісі Нина Огнианова, бірнеше мәрте өтініш жасалғанына қарамастан, Қазақстан билігінің Азаттық радиосының веб парақшасының қызметін реттеуге атсалыспай отырғанына алаңдаулы екенін айтқан. Және қазақстандықтар үшін бірден бір ақпарат алу көзі болып отырған вебсайттың жұмысын қалпына келтіру үшін Қазақстан үкіметі қолдан келгенін жасау керек деген, Журналистерді қорғау комитеті. Сәуірдің 11-інен бері, Азаттықтың интернеттегі azattyq.org деген парақшасына бөгет жасалып жатқанына “Азат Еуропа / Азаттық радиосының” басшылығы алаңдаушылық танытқан мәлімдеме таратты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG