Украинаның ауылшаруашылық министрлігі астық экпортына енгізген барлық шектеулерді алып тастады. Украина әлемдегі ең ірі астық экспорттаушы елдердің бірі деп есептеледі. Өткен жылы Украина үкіметі астық экспортына шектеулер енгізген кезде, астық бағасының одан сайын көтерілуіне түрткі болған. Дүниежүзілік банк бірнеше рет Украинаны ол шектеулерін алып тастауға шақырған тұғын.