Кейбір облыстарда дизель отынының бағасы 92 маркалы бензин бағасынан да қымбат. Бұл көктемгі егіс науқаны кезінде әдейі істеліп отырған нәрсе дейді Алматы мен Есік қалалары арасында күн сайын жолаушылар тасымалдайтын жеке автокөлік иесі Нұриман Жақыпов. Оның айтуынша, 92 маркалы бензин литрінің бағасы бүгінде 92 теңге болғаны жолаушылардың жол ақысының өсуіне апарып отыр.
«Сонымен бірге бензин бағасының былайша қымбаттауы отбасы бюджетіне де едәуір қиындық туғызып тұр», - дейді Н.Жақыпов.
Ал қала ішінде ара-тұра такси қызметін жасайтын жеке автокөлік иесі Тілеубек Рақымжан өткен аптада ғана 93 маркалы қытай бензинінің литрі 87 теңге болса, енді ол 95 теңгеге көтеріліп отырғанын айтады.
«Келер аптада бұл бағаның 100 теңгеден аспасына кім кепілдік бере алады? Бұған қарсы үкімет неге іс шара алмай отырғанына таңым бар», - дейді ол.
Алматыдағы «Достық» атты жанар-жағармай бекетінің операторы Галина Михайловна бензин бағасының былайша қымбаттауының себебін ешкім де түсіндірмегенін айтып отыр.
«Тек осындай бағаға сату керек деген жоғарыдан бұйрық түсірді, болды. Біз соған сатамыз, әйтпесе жұмысымыз жүрмей қалады. Көктемгі егіс науқаны басталғанда жыл сайын осылай қайталанатын жағдай бұл, қазірдің өзінде дизель отынының бағасы 87 теңгеге көтерілді, яғни АИ-80 маркалы бензин бағасынан да қымбат», - дейді ол.
Қазақстан үкіметі болса дизель отыны және бензинді алдағы маусымның 1-нен қыркүйектің 1-не дейін сыртқа шығаруға тиым салу жөнінде қаулы қабылдады.
Сарапшы Айдос Сарым бензин мен дизель отыны бағасының былайша қымбаттауына үкімет кінәлі деп санайды.
«Бұл солардың әдейі істеп отырған ісі. Қазақстанды әлемдегі мұнай қоры оны өндіру жағынан ең алдыңғы орындағы елдердің қатарында деп бүкіл әлемге жар салып мақтанамыз, ал сөйте тұра, ел ішіндегі мұнай өнімдерінің бағасына шамамыз жетпейді, дәл мұнайы жоқ бір елдердегі бензин бағасындай көзге көрінеді. Сондықтан бұған қарсы қатаң шаралар алу керек, ал үкіметтің бензин мен дизель отынын сыртқа шығаруға тиым салу туралы шешімі дұрыс емес - оның өзі жемқорлықты туғызатын шешім», - дейді А.Сарым.