Accessibility links

Халықаралық бақылаушылар Грузиядағы сайлау “біркелкі емес және толық емес” болды дейді


Халықаралық бақылаушылардың мәлімдеуінше, Грузияның парламенттік сайлауы “біркелкі емес және толық емес” болған. Алайда қаңтар айындағы президент сайлауынан кейін біраз алғабасушылық бар дейді бақылаушылар. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бақылаушыларының басшысы Джоао Соарес Грузияның сайлау үдерісінде әлі проблемалар бар деп атап көрсетті. Мамырдың 21-де болған сайлауларда президент Михаил Саакашвили өз партиясының жеңіске жеткенін мәлімдеді. Алайда оппозиция сайлау нәтижесі бұрмаланды дейді.
XS
SM
MD
LG