Accessibility links

Халықаралық бақылаушылар Грузиядағы сайлаудың онша әділ өтпегенін мәлімдеді


ТБИЛИСИ: Бүгін Грузияның Орталық сайлау комиссиясы президент М.Саакашвилидің саяси партиясы парламент сайлауында барлық дауыстың 2/3-сіне немесе парламенттегі конституциялық көпшілік дауысқа ие болғанын мәлімдеді. Оппозиция сайлаудың нәтижесі өрескел бұрмаланды деп мәлімдеп, жаппай наразылық ереуілін өткізіп, жаңа парламентке байкот жариялайтынын ескертті. Халықаралық бақылаушылар миссиясы сайлаудың “әділ әрі тепе-тең жағдайда” өтпегенін, бірақ қаңтар айындағы президент сайлауына қарағанда жақсы болғанын атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG