Accessibility links

Ресей президенті Қытаймен байланысын мадақтады


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев ғаламдық қауіпсіздікте үлкен роль атқарып отыр деп Қытайды мадақтады. Ол бұл туралы Бейжин Университетіндегі кездесуде, Ресей мен Қытай ынтымақтастығы ғаламдық қауіпсіздікте басты факторға айналып келеді деп айтқан. Оның бұл мәлімдемесі, Қытай мен Ресей бірігіп, Құрама Штаттардың Шығыс Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін салмақшы болып отырған жоспарын айыптаған соң айтылып отыр. Кеше сондай-ақ Қытай мен Ресей 1 млн доллар деп бағаланған келісімге қол қойды, ол келісімге сәйкес, Ресей Қытайда Атом электр стансасын салмақшы.
XS
SM
MD
LG