Грузияның басты оппозциялық блогы өздерінің парламентке бойкот жариялайтындықтарын айтып отыр. Олар сәрсенбі күнгі парламенттік сайлауда басым орынды президент Михайл Саакашвилидің партиясы жеңіп отырғанына наразылықтарын осылай танытпақшы. Біріккен оппозициялық блоктың жетекшісі Леван Гачечиладзенің айтуынша:
“Біріккен оппозиция өзін күреспен, толық шешімімен барлық Грузияға таныту жөнінде шешімге келді. Біріккен оппозиция парламентке кіруден, ол адамдармен бірге болудан бас тартады. Біз барлық грузиялықтарды мамырдың 26-сында спорт сарайының алдында жиналуға шақырып, оларды 21 ғасырдағы диссидент қозғалысына қосылуға шақырамыз”.
Сөйтіп, Грузияның тәуелсіздік күні дүйсенбіде үлкен наразылық шерулерін өткізуді жоспарлап отырғандықтарын айтқан Біріккен оппозиция билікті дауыс беру барысын бұрмалады деп айыптап отыр. ЕҚЫҰ-ның бақылаушылары дауыс беру кезінде сайлаушыларды қорқытып-үркіту сияқты бірқатар заңбұзушылықтар болған деді.