КАБУЛ: Ауғанстанның Логар өлкесінде жүздеген адам Ирақта АҚШ жауынгерінің құран кітабын нысана етіп оқ атқан әрекетіне қарсы шеруге шықты. Полиция автожолға шығып, бөгет қоймақ болған халықты таратып, 10-даған кісіні ұстады. Осыдан 2 аптада бұрын Бағдад қаласында тиген оқтардан шұрық тесілген құран кітабының аңғарылғаны туралы хабар шығысымен, Ауғанстанда күнара осындай наразылық шерулері болып келеді. АҚШ президенті Дж.Буш құранға оқ атқан жауынгерді қатаң жазаға тартуға сөз берді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы