АСТАНА: Астанада Қазақстан мен Латвияның арасындағы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның екінші мәжілісі өтеді. Бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Е.Ашықбаев хабарлағандай, министрліктің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев пен Латвияның экономика министрі Каспарс Грехардтың төрағалық етуімен екінші мәжілісі 26-27-нші мамыр күндері өтеді. Үкіметаралық комиссияның мәжілісінде сауда, электроэнергетика, көлік, денсаулық сақтау, ауыл-шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талданады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты