Accessibility links

Қазақ ұлтшылы Х.Қожа-Ахмет шетелден “саяси баспана” сұрайды


АЛМАТЫ: Cовет заманында саяси көзқарастары үшін сотталып, түрмеде отырып шыққан қазақ ұлтшылы Хасен Қожа-Ахмет бүгін Алматыда баспасөз-маслихатын өткізіп, өзінің шетелден саяси баспана сұрайтынын мәлімдеді. Ол тәуелсіз елде шынайы демократиялық реформалардың тоқырап тұр, ұлт-азаттық қозғалысын ресми билік қасақана ауыздықтап отыр деп санайды. Сонымен қатар Х.Қожа-Ахмет өткен сәуір айында Қытайдың Тибетіндегі жағдайға байланысты Алматыда баспасөз-маслихатын өткізіп, өз пікірін білдірмек болғанда, Қазақстанның құқық қорғау мекемелері өзіне қысым көрсеткен мәлімдеді. Шетелден саяси пана сұрауға осы соңғы оқиға себеп болған көрінеді.
XS
SM
MD
LG