Бүгін Грузия өткен айда өзінің барлаушы ұшағын атып түсіргені үшін Ресейдің ресми түрде кешірім сұрап, қажетті өтемақы төлеуін үзілді-кесілді талап етті. Грузия сыртқы істер министрлігінің бұл мәлімдемесі Еуропа одағының Мәскеуден бұл әрекетіне түсінік беруін сұраған соң айтылып отыр. БҰҰ-ның бақылаушы миссиясы Ресейдің әуе күштері Грузияның жікшіл аймағы Абхазияда ұшып жүрген грузиялық пилотсыз апаратты жерге атып түсірген деп таныды. Ал, Тбилисидегі Мәскеу елшісі Вячеслав Коваленко, БҰҰ-ның хабарына қатысты Ресейдің сезіктеніп отырғанын қайталады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?